«Жер – біздің үйіміз»
2025 жылғы 29 мамыр Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» жалпыұлттық акциясы аясында «Заградовка орта мектебі» КММ-де «Жер – біздің үйіміз» атты экологиялық іс-шара өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақтың назарын планетамыздың экологиялық мәселелеріне аудару, қоршаған әлемге деген қызығушылықты, қамқорлық пен сүйіспеншілікті дамыту. Балалар мектеп алаңына гүл отырғызуға қатысты.#біртұтастәрбие