«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»


2025 жылдың 3 маусымында «Заградовка орта мектебі» КММ жанындағы жазғы мектеп лагерінде балаларға арналған тіл мектебінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс – шараны ұйымдастырып өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жамалиева Айгуль Серикбаевна. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға мемлекеттік рәміздер туралы білім беру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында:
- Оқушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Гимні туралы мағлұмат алды.
- Мемлекеттік Гимн орындалып, оқушылар тік тұрып, құрмет көрсетті.
- «Рәміздерді білесің бе?» атты танымдық ойын өткізілді.
- «Менің Отаным – Қазақстан» атты шығармашылық тапсырма орындалды.
- Қазақ тілінде ұран сөздер мен мақал-мәтелдер жатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Балалар белсенділік танытып, өз еліне деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Сонымен қатар, тілдік қорларын дамытып, сөздікпен жұмыс жасауға дағдыланды. Бұл іс-шара оқушылардың тілдік және азаматтық білімін тереңдетіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырды.


Байланыстар

Мекен-жайы: Заградовка с, Мир көшесі, 26
Тел.: 87154335638
Пошта: zagradovka-sko-esil@edu.kz

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2025 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx