Мель Кристина Сергеевна – «Заградовская орта мектебі» КММ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
2016–2019 жылдары «М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК-де «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алды. 2019–2022 жылдары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын 2018 жылы «Заградовская орта мектебі» КММ-де іс жүргізуші қызметінен бастады. 2019–2026 жылдары бастауыш сынып мұғалімі және қосымша білім беру педагогі болып жұмыс істеді.
2022 жылғы 27 желтоқсанда «педагог-модератор» біліктілік санаты берілді.
2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап «Заградовская орта мектебі» КММ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.
Жалпы еңбек өтілі – 8 жыл, педагогикалық еңбек өтілі – 7 жыл.