"Республикаға қызмет ету жолын таңдау"
"Еңбек адал - жас өрен" жобасы аясында, сондай-ақ Республика күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Заградовка ОМ" КММ педагог-кәсіби бағдаршысы В.Н. Предыбайло 9-11 сынып оқушылары арасында "Республикаға қызмет ету жолын таңдау" іс-шарасын өткізді. Іс-шара жоғары сынып оқушыларының кәсіптер туралы білімдерін кеңейтуге, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, патриотизм мен жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған әңгіме-практикум түрінде өтті.



