«Білікті білім жинап кәсіп етер, білімнің дәмін татып өсіп өнер»


2025 жылдың 28 сәуірінде «Заградовка орта мектебі» КММ 10-сынып оқушылары апталық дәйексөзге арналған линейка өткізді: «Білікті білім жинап кәсіп етер, білімнің дәмін татып өсіп өнер»/ «Компетентный человек, накопив знания, превратит их в профессию, вкусив знания, вырастет и освоит мастерство». Мақсаты: Оқушылардың білімнің құндылығын түсінуін қалыптастыру, өзін-өзі дамытуға және кәсіби өсуге ұмтылысын арттыру.
Линейка барысында оқушыларға білімнің адам өміріндегі маңызы, үздіксіз оқу мен дағдыларды дамыту қажеттілігі түсіндірілді. Шарада сөз сөйлегендер білім мен табанды еңбектің арқасында жетістікке жеткен танымал тұлғалардың үлгілерін келтірді. Қысқаша викториналар мен мотивациялық кеңестер ұйымдастырылды.
Әр күн сайын, әрбір сабақ,
Болсын биікке бастар баспалдақ!
Білім тұғыры асқақтап,
Жарқырап жеңіс нұрын шашпақ!
Нәтиже: Оқушылар белсенділік танытып, білімнің болашақ мамандық пен жеке тұлғалық даму үшін маңызды екенін түсінгендерін көрсетті. Мереке оқушылардың оқуға деген мотивациясын арттыруға ықпал етті.


Байланыстар

Мекен-жайы: Заградовка с, Мир көшесі, 26
Тел.: 87154335638
Пошта: zagradovka-sko-esil@edu.kz

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2025 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx