"Верны присяге мы, и выполнен приказ"
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында "Заградовка орта мектебі" КММ-де орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері В.Н. Предыбайло мен Т.В. Червоненко 5-6 сынып оқушылары үшін "Верны присяге мы, и выполнен приказ" атты әдеби сағат өткізді. Іс-шара Ауғанстандағы соғыс туралы білімді кеңейтуге және интернационалист жауынгерлердің ерліктеріне құрмет көрсетуге бағытталған.