«Тәртіп – тәрбие бастауы»
2025 жылдың 13 қаңтарында «Заградовка ОМ» КММ 10 сынып оқушылары «Тәртіп – тәрбие бастауы» апта дәйексөзіне арналған тақырыптық жиынын дайындап, өткізді. Мақсаты: өз іс-әрекеттерін объективті бағалауға, өз бетімен жұмыс істеуге, өз іс-әрекеттерін бақылауға үйрету.
Олар аптаның дәйексөзін айтып, моральдық принциптер мен нормаларды сақтау, оқу-танымдық іс-әрекеттегі адал мінез-құлық туралы айтты. Осы тақырып бойынша презентация көрсетілді. Тәртіп әр адамның жеке және кәсіби дамуында шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.
Жиынға 1-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мен мұғалімдер тәртіп тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылады және жеке мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді деген пікірге келді.