"Жасыл сынып"
16 сәуірде "Заградовка орта мектебі" КММ-де Есіл ауданына берілген "Жасыл мектеп" республикалық экологиялық челленджі шеңберінде "Жасыл сынып" акциясы өтті. Акцияға оқушылар, ата-аналар және пән мұғалімдері қатысты. Әрқайсысы жайлы және экологиялық таза атмосфераны құруға өз үлестерін қосты — оқу кабинеттерін безендіру үшін тірі бөлме гүлдері әкелінді. Ортақ күш - жігердің арқасында біздің сыныптар жасыл, әдемі және жайлы болды. Әркімнің қатысуы-табиғатты қорғаудың үлкен ісіне жасалған шағын қадам. Мектеп экологиясына белсенділігі мен бей-жай қалмаған үшін баршаңызға алғыс айтамыз!#АдалАзамат

Жаңартылған күні: 04.05.2026