Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары
Елена Михайловна Фрицлер
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
1975 жылғы 26 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Мәскеу ауданының Заградовка ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Заградов орта мектебін бітірді. 1992–1996 жылдары Солтүстік Қазақстан университетінде «Химия және биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын 1996 жылдың тамыз айында Мәскеу ауданының Новоузен орта мектебінде химия және биология пәнінің мұғалімі болып бастады. 2005–2008 жылдары Новоузен орта мектебінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қыркүйегінен 2013 жылға дейін осы білім беру мекемесінің директоры қызметін атқарды. Новоузен негізгі мектебі қайта ұйымдастырылғаннан кейін бір жыл бойы Тонкошуров негізгі мектебінде директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2014–2018 жылдары Есіл ауданының «Заградов орта мектебі» КММ-де химия және биология пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Заградов орта мектебі» КММ директорының орынбасары болып жұмыс істейді. Үшінші біліктілік санаты бар.